Chania
72
24.04.2023
Этномедиация – этносаралық қақтығыстарды шешудің бір тәсілі ретінде
Бүгін облыстық ҚХА медиация кеңесінің мүшелері Қазтұтыну Одағының Қостанай жоғары колледжінде «Этномедиация – этносаралық қақтығыстарды шешудің бір тәсілі ретінде» тақырыбында оқыту бағытындағы семинар-тренингін өткізді. Семинардың негізгі бөлімінде «Қостанай облысы медиаторлар қауымдастығы» қоғамдық қорының тренер-медиаторы, психолог И.Зуев студенттерге жанжалдарды тиімді шешу дағдыларын және медитация негіздерін үйретіп, этномедиация, сондай-ақ медиацияны практикада қолдану дағдыларын түсіндірді. Кездесу барысында Қостанай облысы «Ассамблея жастары» РҚБ жетекшісі Р.Мурзагалиев Ассамблея жастарының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды және оның мақсат-міндеттерін атап өтті. «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Н.Рамазанова әлеуметтік желідегі алауыздық тілі және оның алдын алу жолдарын түсіндіріп, студенттердің бірқатар сауалдарына жауап берді. Арнайы шақырылған спикер Қостанай қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры А.Есенгазин аталған тақырыпқа нақты дәлелдер келтіре отырып, заңнамалық тұрғыда түсіндірді. Семинар соңында этномедация тақырыбында дәріс өткен 25 студентке арнайы сертификаттар табысталды.