Chania
94
19.04.2023
Ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Бүгін «Қоғамдық келісім» мекемесінің мәжіліс залында Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық Ақсақалдар кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті.

Осы іс-шарада облыстық, қалалық, Ақсақалдар кеңестерінің мүшелері қатысты.

Аймағымызда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылып, құрамы жергілікті қоғамдастықтардың ақсақалдарынан, қоғамдық, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді өкілдері және ауылшаруашылық, денсауылық сақтау саласының ардагерлерімен қоғамдық пікірдің басқа да көшбасшыларынан құралды.

Кездесуде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың орындалуы талқыланды. Күн тәртібіндегі тақырыптар аясында баяндамалар жасалып, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берілді
Облыстық Ақсақалдар кеңесінің қызметі республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің бекіткен Ережеге сәйкес аймақтың бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталатын болады.

Отырыс соңында жұмыс жоспары бекітіліп, алдағы жоспарлар айқындалды.