Chania
77
12.04.2023
Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күні

Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күні Қостанай облысы ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшелері «Ғылыми ойды жаңғырту және инновациялық дамыту жағдайындағы заманауи ғылым парадигмасы: теория және практика» атты XVII Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Қазақстан және Ресей ғалымдары қазіргі қоғамдағы құқық, экономика, басқару және экономикалық қауіпсіздік, лингвистика, әдебиеттану және аударматанудың өзекті мәселелерін талқылады.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық келісім саласындағы ғылыми қызметі үшін ғылыми-сараптама тобына алғысын білдіре отырып, ҒСТ барлық мүшелерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

https://www.instagram.com/p/Cq7VOzcA6hK/