Chania
68
09.04.2023
Ғылыми ЭТНОжеңістер

Қостанай физико-математикалық лицейінің оқушысы Дарья Савочкина әзірлеген этноқалашық жобасы «Зерде» XVIII республикалық ғылыми жобалар байқауында үшінші орын иеленді. 7-сынып оқушысы жасаған этноқалашықта әртүрлі этностардың мәдениетімен танысып қана қоймай, олардың ұлттық киімдерін көріп, тіпті тағамдарынан да дәм татуға болады.

Ал кавказ халықтарының мәдениеті туралы ғылыми жұмыс Қостанайға тағы бір қола жүлде әкелді. Жоба авторы - 1 МЛ 11-сынып оқушысы Зака Закиев.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы балаларды жүлделерімен шын жүректен құттықтап, ғылыми салада одан әрі зор жетістіктерге жете берулеріне тілектестіктерін білдіреді!

https://www.instagram.com/p/Cq0bhqXNLVZ/