Chania
79
07.04.2023
"Frühling ist da!”

«Возрождение» неміс этномәдени орталығы Ostern - Пасхаға арналған көктемгі фестиваль өткізді.

Мерекелік іс-шара «Золотой колос» мәдениет үйінде болып өтті. Концерттік бағдарламада неміс, орыс және қазақ тілдеріндегі әндер шырқалып, аспаптық композициялар классикалық музыка сүйер қауымды қуантты, ал жас әртістердің орындауындағы би нөмірлері зор қошеметке иеленді.

Фестивальге «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» Қорының атқарушы директоры Дмитрий Редлер де келді. Ол іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, әртістерге алғыс хаттар табыс етті.

https://www.instagram.com/p/CqxbEOBgj7Y/