Chania
70
05.04.2023
Медиация сабақтары

Бүгін ҚХА медиация кеңесінің мүшелері Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының тыңдаушыларына медиация негіздері туралы баяндап берді.

ҚХА медиация кеңесінің төрағасы Сергей Богатырев және Қостанай облысы әкімдігі ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Байболат Сегізбаев «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу мен реттеудегі медиативтік тәсіл және медиативтік құзыреттілік» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық келісімді сақтау жөніндегі жұмысының маңыздылығын атап өтіп, қақтығыстарды жою жолдары туралы пайдалы ақпарат үшін өз алғыстарын білдірді.

https://www.instagram.com/p/CqpnJBzgLis/