Chania
72
28.03.2023
«Бірауыздан, бір жүректен…»

Достық үйінде дәстүрлі діни конфессиялар жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу бүгінгі таңдағы өзекті тақырып - ұлттық бірлік қағидаттарының бірі болып табылатын конфессияаралық келісім аясында болып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Нұрлан Шубаев бастады.

- ҚХА құрылғаннан бері қазақстандық этностардың тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасалып келе жатыр, бұл қатарда қазақ тілінің біріктіруші рөлін анықтау да қамтамасыз етілді.  Еліміздің барлық жерінде ұлттың мәдени жаңғыру процесі жүріп жатыр, - деп атап өтті Нұрлан Шубаев.

Қазақстан мұсылман діни бірлестігінің (ҚМДБ) Қостанай облыстық филиалының өкілі Бектұрсын Уәлиев біздің қоғамымыз тек ынтымақтастық жағдайында ғана өркендеп, дами алатындығын атап өтті.

- Біздің Ислам дініміз қоғамда бейбітшілікті, бірлікті және дұрыс бағыттағы, салауатты өмір салтын насихаттайды. Бұл қағидалар әр адамға жүктелген маңызды міндет болып табылады. Құран мен хадистерде де сол жайлы айтылғандығын біліп жүріңіздер. Еліміздің рухани тұтастығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау біз үшін азаматтық парыз, - деді имам Бектұрсын Уәлиев.

Кездесуге қатысқан Қазақстанның Қостанай Орыс Православие шіркеуінің діни қызметкері Виталий Клеба өз сөзінде қазіргі заманғы ақпараттық кеңістік және оның қоғамға беретін әсері тақырыбын қозғады.

Сондай-ақ, әңгімелесу  барысында этномәдени орталықтар мен ғылыми-сараптамалық топ өкілдері сөз сөйледі. Кездесуге келген оқушылар мен студенттер іс-шара олар үшін тек қызықты ғана емес, сонымен қатар, пайдалы да болып шыққанын атап өтті.