Chania
70
07.03.2023
Қостанайдың алғашқы «Халық Аруы-2023» болып Мария Любрицкая атанды

Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжінің студенті облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған байқауда үздік болып алға шықты.
Бүгін, 7 наурызда Достық үйінің қабырғасында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған «Халық Аруы-2023» байқауының финалы болып өтті.
Өзге ұлт өкілдері болып табылатын колледждер мен жоғары оқу орындарының сегіз студенті қазақ мәдениетін таныстырды. Қазылар алқасы шешімінің қорытындысы бойынша «Халық Аруы-2023» болып Мария Любрицкая таңдалды. Қазылар  алқасының барлық мүшелері болашақ заңгер аруымыздың шынайылығы мен ашық мінезін атап өтті. Сондай-ақ, Мария «Instagram аруы» номинациясында да жеңіске жетті. Оған 2656 адам дауыс берген болатын.

Қатысушы қыздар келесі номинацияларды иеленді: 

«Зерделі ару» - Юлия Овчинникова 
«Кербез ару» - Зарина Аниськина 
«Әсемдік аруы» - Камилла Жданова 
 «Өнерлі ару» - Айна Баймухамбетова 
 «Салт-дәстүр аруы» - Виктория Миронычева 
 «Жаңашыл ару» - Виктория Грушевая 
 «Даналық аруы» - Анна Арефьева 

Барлық қатысушыларға сыйлық сертификаттары, ұлттық әшекейлер, атаулы күнтізбелер, "Қазақбренд" фирмасының қазақ ұлттық тәттілері мен гүл шоқтары табысталды.