Chania
894
01.06.2016
«Дельфин» сәбилер үйіне сыйлықтармен!

«Вайнах» шешен-инғұш ЭМБ өкілдері және «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ маманы Қостанай «Дельфин» сәбилер үйіне Балаларды қорғау күнімен құттықтау үшін барды.

Қонақтар, балаларға тек клоун және аниматорлар бағдарламасының ойын-сауық бағдарламасын апарған жоқ, олар ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар апарды.
Құттықтау сөздерін «Вайнах» шешен-инғұш ЭМБ төрағасының орынбасары Таус Хайдукаева және белсенді Ахмед Башаев айтты. 
- Рас айтатың болсам, осы жерге келіп мен осы бекер өмір сүргенімді түсіндім. Мен ер кісі болсам да, осы балақайларға қарай отырып, өз сезімімді жасыру қиынға түсті. «Дельфин» балалар үйінің қызметкерлері осы сәбилерді тәрбиелеп, оларға барлық қамқорлығын бере отырып, үлкен және қасиетті іс жасауда, деп – Ахмед Башаев айтып кетті. 
- Біздің этномәдени бірлестіктің төрағасы Эльбрус Тимаев көп жылдар бойы қайырымдылықпен айналысып келеді, ол кедейлерге, ауырып жатқан балаларға да көмектеседі. Күмәнсіз, ол балалар үйі және интернат тәрбиеленушілерін ұмытқан емес. Егер оларға көмек керек болса Эльбрус Богданович лезде көмегін береді. Әр баланың өз отбасы, жақсы көретін ата-анасы болғаның қалаймыз. Осы күні барлық бала бақытты және аман болғаның тілейміз, деп - «Вайнах» шешен-инғұш ЭМБ төрағасының орынбасары Таус Хайдукаева айтты.  


«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі