Chania
92
24.02.2023
Тәтті құймақпен, бауырсақпен…

және көтеріңкі көңіл-күймен.
Қостанай облысының белорус қауымдастығының белсенділері қысты шығарып салу үшін өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арналған бейімдеу орталығына қонаққа келді.

Жыл сайын қалыптасқан дәстүр бойынша, этномәдени бірлестіктер балаларға көңілді ойындар ойнатып, тәттілерден дәм татқызып келеді. Биылғы жылы балаларды дәстүрлі ойын-сауық күтіп тұрды: арқан тарту, жекпе-жек, қарды шелекпен тасу жарысы…

«Ассамблея жастары» белсенділері балалармен шаттықты көңіл көтеріп, аязда тоңса да, жылы сезімдерге толы, құймақ- бауырсақпен шай ішуге аттанды.