Chania
82
14.02.2023
Үздіктер қатарында

Тобыл қаласының жоғары сынып оқушысы этно мәдениеттану тақырыбы бойынша өңірдегі үздік оқушы атанды.

Тобыл қ. №2 ЖББМ 10 сынып оқушысы Ксения Иванченко Т.Е.Дәулетбаев атындағы «Өскелең ұрпақтың интеллектуалдық әлеуеті - Қазақстанның табысты индустриялық – инновациялық дамуының кепілі» атты жыл сайын өткізілетін оқушылардың өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Этномәдениеттану» секциясында 9-11 сынып оқушылары арасында 1 орынды жеңіп алды.

Оқушы «Интеркультурализм Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының жаңа қағидаты ретінде: әлемдік тәжірибе және даму перспективалары» тақырыбындағы ғылыми жұмысты Тобыл қаласының №2 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі Анастасия Качееваның жетекшілігімен және Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының қатысуымен дайындады.

Ксенияны жеңісімен құттықтаймыз және этносаралық қатынастарды зерттеуде одан әрі зор табыс тілейміз!