Chania
818
31.05.2016
Польшаның Конституция күні

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Надея» поляк этномәдени бірлестігі Польшаның Конституция күнін атап өтті. 

Мерекелік іс-шараға басқа қауым өкілдері тек қонақ ретінде келмей құттықтау сөздерін айтып және концерттік бағдарламасын алып келді.
Бағдарламаны «Надея» поляк ЭМБ төрағасының орынбасары Светлана Сидоренко ашты. Сөз сөйлеуінде ол биыл 3 мамыр күні Конституция қабылданғанына  225 жыл толғаның айтты.
- Қостанай облысында 1,5 мың поляк тұрып жатыр, ҰОС жылдарында Қазақстанға біздің этностың 100 мың өкілі жер аударып келді. Осы уақыт бойы қазақстан жері біз үшін туған болып қалды, осында достар таптық, бірақ тарихи отанымызбен байланысты жоғалтпаймыз. Өткен жылы Қостанай қаласына Қазақстан Республикасындағы Польшаның Төтенше және Өкілетті елшісі Мачей Ланг келіп кетті, ол тарих ғылымының докторы Дмитрий Легкийдің ұйымдастырылуымен өткен «Қазақстанда 1941-1943 жылдары болған поляк дипломаттар» атты көркем көрме ашылуының басты қонағы болды. Осындай іс-шаралар біздің мемлекеттер арасында байланысты жақсартуға, достық көпірін құруға көмектеседі. Баспанасынан айырылған поляк отбасыларын паналатқан қазақ халқына деген алғысымызды өсіп келе жатқан ұрпаққа абыржумен айтып келеміз, деп – Светлана Сидоренко айтып кетті.
Іс-шара барысында «Надея» поляк ЭМБ ең белсенді және талантты өкілдеріне  дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі