Chania
993
27.05.2016
Челябі облысына қонаққа!

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдік тобы Челябі облысының Үкіметі мен өңірлік Достық үйінің шақыруы бойынша Славяндық жазба және мәдениет күні мерекесіне барып келді.
Славяндық жазба және мәдениет күніне арналған мереке С. Прокофьев концерттік залында өтті.  Іс-шара басталмас бұрын филармония фойесінде Верхний Уфалеядан әкелінген тастар көрмесі, орамалды байлау бойынша шеберлік сабағы өтті, сондай-ақ қонақтар Челябі облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен ұсынған сирек кітаптарты көрді. 
Концерттік бағдарламаны құттықтау сөздерімен Челябі облысының мәдениет министрі Алексей Бетехтин, Челябі және Златоуст митроплиті Никодим, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас инспекторы  Болат Ибраев, сондай-ақ Қостанай облысы орыс қауымының төрағасы Юрий Ивлев ашты. Қазақстаннан келген жалғыз өкілдер және өкілдік топ Челябі облысы халықтарының Достық үйі директоры Юлия Лапидусқа Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан біздің өңірлер арасындағы достық қарым-қатынасты сақтау және дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хат ұсынды. 
Іс-шара соңында «Поют дети России» мектеп оқушылары хорының облыстық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, олар «Летят перелетные птицы», «Клен, ты мой опавший», «Ах, вы, сени, мои сени», «Во поле береза стояла», «Солнечный круг» және т.б. көпшілікке мәлім әндерін орындап берді.
- Біз Челябі облысымен тығыз байланыстамыз. Бір біріміздің іс-шараларымызға барып, өңірдегі этносаралық келісімді сақтау тәжірибесімен алмасып өтырамыз, деп – Болат Ибраев айтып кетті.


Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі