Chania
102
30.12.2022
Жаңа жалдарыңызбен!

Құрметті қостанайлықтар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді келе жатқан Жаңа 2023 жылмен құттықтайды! Бұл әрбір отбасы үшін ерекше мереке.

Ол бақыт пен жақсылыққа үміт беріп, жаңа бастамалар мен жетістіктердің лебін әкеледі.

Өткен жыл Қазақстан халқының әлеуметтік бірлігін нығайтудағы маңызды кезең болды, Ұлы Дала тарихы жаңа қырынан көрініп, біз қоғамдық сананы жаңғырту жолында бірігіп тағы бір маңызды қадам жасадық.

Біздің ортақ міндетіміз – еліміздегі қайта құру үдерістеріне тікелей қатысу. Шынайы қазақстандық құндылықтарға – Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке құрмет көрсетудің үлгісін көрсету болып табылады. Бұл әрқашан біздің ортақ табыстарымыз бен жетістіктеріміздің кепілі болып, қызмет етіп келеді.

Құрметті достар!

Жаңа 2023 жыл қандай болатыны әрқайсымызға байланысты.

Сондықтан Сізге қажымас қайрат, зор денсаулық, сарқылмас қуат пен игі істеріңізге сәттілік тілейміз.

Жаңа жыл қарсаңында ойлаған барлық тілектеріңіз орындалсын.

Жаңа жыл бақытты сәттердің есебін көбейтіп, отбасыларыңыз бен жақындарыңыз аман болсын!

 

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы