Chania
108
23.12.2022
Марапаттар, квест және дискотека…

«Ассамблея жастары» жастар қозғалысының мүшелеріне арналған жаңа жылдық кеште осындай қызықты бағдарлама болып өтті.


Іс-шара қозғалыс белсенділері мен еріктілеріне алғыс хаттар табыстаудан басталды. Қостанай облысы әкімдігі ҚДБ  “Қоғамдық келісім" КММ басшысы Наталья Рамазанова және Қостанай облысының “Ассамблея жастары” төрағасы Руслан Мырзағалиев балаларға жылы лебіздерін білдірді.


Кездесу қызықты квест ойынымен жалғасып, тек тапқырлық пен ақыл-ойды ғана емес, сонымен қатар, топтық рухты көрсету қажет болды. 
Барлығы шай ішу кешімен және жаңа жылдық дискотекамен аяқталды!