Chania
92
16.12.2022
Тәуелсіздік жолында...

Ел егемендігінің негізін қалаушылардың бірі - Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі Қазақстанның тәуелсіздік алу жолында күреске түскен құрбандарды еске алуға арналды.

Бостандыққа қол жеткізуге үлес қосқан әйгілі отандастарымызды еске алуға Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев, ақын Әсия Беркенова, профессор Қалқаман Жақып, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев, “Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері келді.

Спикерлер биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 31-жылдығын атап өтетінін айтып кетті. Осы жылдар бойы бірлік, төзімділік, өзара сыйластық және өзара қолдау біздің барлық қиындықтарымызды бірге жеңуге көмектесетін ортақ құндылықтарымызға айналды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісімді, сенімділік пен достықты сақтай отырып, біздің ортақ мақсатымызға – әділ және көркейген Қазақстанды құра алатынымызға сенеді!

Тәуелсіздік Күні құтты болсын!