Chania
90
22.11.2022
Достық үйінде болып өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда этносаралық қатынастар тақырыбы кеңінен талқыланды

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған кездесу Қостанай, Ақмола және Челябі облыстарынан келген сарапшылардың басын қосты.

Конференция пленарлық отырыстан басталып, онда этносаралық қатынастар саласындағы қауіп-қатерлерді және оған қарсы іс-қимыл шараларын анықтаудың жаңа әдістері қарастырылды.

Секциялардың жұмысы барысында шақырылған спикерлер халықаралық тәжірибені ескере отырып, этносаралық қатынастардың әртүрлі қырларын зерделеудің маңыздылығы туралы айтып өтті.      

Қостанай облысының ғылыми-сараптамалық тобының Мемлекет тарихы институтымен және көрші елдегі әріптестерімен ғылыми ынтымақтастығын нығайту мәселесі де назардан тыс қалмады.

Конференция соңында Қостанай облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелеріне, іс-шара қатысушылары мен қонақтарына алғыс хаттар табысталып, салтанатты жабылу рәсімі өткізілді.