Chania
104
18.11.2022
Қоғамдық келісім кеңесі Рудный қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті

"Рудный водоканал" ЖШС және "Жемчужина Стомед" Медициналық орталығының қызметкерлерімен Қостанай облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Татьяна Булгацевич, Рудный қаласы ҚКК төрағасы Жаңбыршы Тілеуғабылов, сондай-ақ "Ұлы дала ұрпақтары Қостанай" ҚБ төрағасы Нұржан Ермағамбетов кездесті.

Келіссөз алаңдарының негізгі тақырыбы ретінде еңбек ұжымдарындағы этносаралық қақтығыстар, туындайтын түсініспеушіліктердің негізгі триггерлері, араздық тілі және оны әлеуметтік желілерде жою мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, спикерлер қазақстандық қоғамды шоғырландырудағы мемлекеттік тілдің рөлін атап өтті. Барлық қатысушыларға этносаралық қатынастар тақырыбы бойынша негізгі тезистері және өтініштер үшін байланыс деректері бар ақпараттық бюллетеньдер табыс етілді.