Chania
86
21.10.2022
«Шарк» тәжік-өзбек этно-мәдени бірлестігі тағы да өз қамқорлығындағы – «Жанұя» отбасылық ауылының тәрбиеленушілеріне қонаққа келді.

Және олар әдеттегідей, құр қол келген жоқ. Қоғамдық белсенділер балаларға арналған жеміс-жидектерді – алма, құрма, жүзім – барлығын тәжік бақтарынан әкелді. Жергілікті тауар өндірушілер де картоп, ұн, қант және түрлі жарма түрінде өз өнімдерін ұсынып, қолдау білдірді.
Күзгі басқосу дәстүрі Республика күнін мерекелеуге арналған «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы аясында өтті.