Chania
835
17.05.2016
Бейбітшілік пен келісім – басты құндылықтар!

Бұл ақиқат пікір 12 мамырда Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дөңгелек үстелдің ұранына айналды.

Іс-шараның мақсаты тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сияқты құндылықтар аясында мемлекеттілікті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту мен қоғамды біріктіру; Отанға, өткен тарихымызға деген құрмет пен қызығушылық, сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу; азаматтық жауапкершілік, мемлекет алдындағы азаматтық парыз, Отан үшін қызмет етуге дайын болу сынды сезімдерді қалыптастыру.

Дөңгелек үстел жұмысына профессор-оқытушылар құрамы, Арқалық колледждерінің мұғалімдері, институт студенттері, Жастар саясаты бөлімінің басшысы, жергілікті баспасөз басылымдарының журналистері қатысты. Ісшараны жоғары оқу орнының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Гүлвира Мұсабекова басқарып отырды.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында АрқМПИ оқытушысы М.С.Өтеулінің «Толеранттылық – Қазақстандық қоғамдағы келісім үлгісі», Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның тарих пәні мұғалімі Г.Г.Құрманғалиеваның «Наш великий независимый Казахстан глазами детей», медициналық колледждің оқытушысы С.К.Оташеваның «Ассамблея – татулық пен бірліктің тұғыры», АрқМПИ тарих мамандығы бойынша 2 курс студенті А. Қайырбекованың «Этнокультурное положение Костанайской области (2009-2015)», АрқМПИ тарих мамандығы бойынша 1 курс студенті З. Алданазарованың «Патриоттық тәрбие – халықтар достығы мен бірлігінің негізі», орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша 1 курс студенті А. Исмаилованың «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім әлемі», «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 1 курс студенті С. Самедованың «Ұлттаралық келісім – Қазақстан халқының бірлігінің негізі» атты тақырыптық баяндамалары тыңдалды. Қуантарлығы қазақ тілінде баяндама жасаған студенттер өзге ұлт өкілдері болды.

Қатысушылар өздерінің баяндамаларында қазақ халқының тәуелсіздік алу жолында соңғы бес ғасыр бойында үш жүз халық-азаттық соғыстар мен көтерілістер бастан кешіргендігін айтты.

Сөз сөйлегендер Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін, мемлекеттің дамуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан зор үлесін атап өтті. Бірауыздан заманауи Қазақстанның басты жетістігі – экономикалық дамудағы тәуелсіздік, әлемдік тұрғыда ұстанымды

нығайту, Үкімет саясатының толық қолдауы туралы пікір айтылды. Дөңгелек үстелдегі сөз сөйлеушілер мемлекеттілігіміздің стратегиялық қоры ретінде жастардың рөліне ерекше назар аударды.

- Біз болашаққа сеніммен қараған тәуелсіз және заманауи мемлекетте тұрамыз. Біраз іс тыңдырылды, бірақ біз одан да көп жұмыс істеуіміз қажет. Біздің мемлекеттілігіміз орнатылды, дегенмен тәуелсіздік, бірлік және даму сияқты негізгі құрылымдарын үнемі нығайтып отыруымыз керек! - деді, іс-шараға қатысушылар.