Chania
111
27.10.2022
Ерекше балалардың өнерін қолдау

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Аналар кеңесі ерекше балалардың өнерлерін қолдау мақсатында «Біз – біргеміз!» фестивалін ұйымдастырған болатын.
Ол ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін үшінші Хабардарлық онкүндігі аясында өткізілді. 
Қатысушылар «Өнерлі жас», «Жас блогер», «Жас дарынды әнші», «Жас биші», «Көркем сөз оқу шебері» және «Жас спортшы» атты алты номинация бойынша бөлінді. Барлық қатысушы 20 бала осы санаттардағы өз жетістіктерін ұсынды.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының дипломдары мен сыйлықтарымен марапатталу үшін қалалық балалар шығармашылығы мектебінің сахнасына жас чемпиондар, халықаралық және республикалық турнирлер мен байқаулардың жеңімпаздары, түрлі фестивальдердің дипломанттары шықты. 
Балаларға көрермендер залындағы ата-аналары, достары мен сыныптастары зор қошемет-қолдау көрсетті. «Біз-біргеміз!» фестивалінің басты мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өзіне деген сенімділіктерін  арттыру болды. Бұл мақсатқа қол жеткізілді деп айта аламыз.