Chania
127
19.10.2022
«Бірлік» халықаралық жастар лагері өз жұмысын бастап кетті!

Бүгін «Жайлау» шипажайының (Алтынсарин ауданы) базасында үш күндік іс-шараның салтанатты ашылуы болып өтті, оның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ болды.

Іс-шара қатысушылары - еліміздің барлық өңірлерінен келген Қазақстан жастары. Олардың ішінде этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік штабтарының жетекшілері мен мүшелері, Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде көмектескен еріктілер, ауыл жастары да бар.

Лагерь бағдарламасында:

- этносаралық қақтығыстардың алдын алу мәселелері бойынша шақырылған жаттықтырушылармен мотивациялық кездесулер;

- Әулиекөл ауылында қылқан жапырақты көшеттерді отырғызу акциясы;

- спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған.