Chania
110
19.10.2022
ҚХА КВИЗ: зияткерлік және достық

Қостанайдың ең ақылды жастары туған өлкелері туралы білімдерін тексеру үшін Достық үйінің қабырғасында бастарын қосты.

«ҚХА КВИЗ» зияткерлік ойынын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі,  А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Айбек Шалғымбеков бірге ұйымдастырған еді. Ол студенттер үшін турнир ұйымдастыруды ұсынып, ҚХА бұл идеяны қуана қолдады. Ойынға барлығы 4 команда қатысты: 3 топ А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, бір топ Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының студенттері болды.

Үш сағаттық ойын қорытындысы бойынша ЧелМУ ФК тобының қатысушылары жеңімпаз атанды. Қарқынды әрі қызықты турнир балаларға қатты ұнады. Олардың өтініші бойынша бұл ойын дәстүрлі іс-шараға айналады.

https://qostanaitv.kz/ru/news/20806