Табиғатты бірге қалпына келтіру
Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданының аумағына ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты.
Бүгін Семиозер орман шаруашылығында орманды кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмысы басталды. Қостанай облыстық ҚХА қауымдастықтарының төрағалары облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен, сондай-ақ депутаттармен, еріктілермен және қоғам қайраткерлерімен бірге қарағай ағаштарын отырғызды.
Этномәдени бірлестіктер басшыларының пікірінше, мұндай акцияларға қатысу өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту үшін ғана емес, қостанайлықтардың бірлігін нығайту үшін де маңызы зор.



.jpg)
.jpg)







