Chania
106
18.10.2022
Қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа жолдарын

Қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа жолдарын Қостанай жоғары оқу орындарының студенттері Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған Хакатон аясында іздеуді шешті.

Әдеттен тыс қызықты ми шабуылына А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, ЧелМУ және Рудный индустриалды институтының білім алушылары қатысты. Күні бойы балалар әлеуметтік желілерде ұлтаралық негіздегі кибербуллинг және интернет қауіпсіздігі сияқты өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сыныптарында білім алды. 

Әрбір топтың алдына қойылған негізгі тапсырма - Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігін нығайту және оны қорғау жөніндегі жобаны әзірлеу болды.

Хакатон қорытындысы бойынша ЧелМУ студенттері жеңімпаз атанды. Балалар облыстық ҚХА атынан сыйлық свитшоттарына ие болып, өзге қатысушыларға фирмалық термостар табысталды.