Chania
848
03.05.2016
Бірінші орын – Астанаға бару!

Облыстық  Достық Үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері арасында «Әннің шекарасы жоқ» «Песня без границ» атты вокальдық  байқаудың іріктеу кезеңі болып өтті. Қатысушылардың әрқайсысы қазылар алқасын өз дауысымен бірге әнді дұрыс таңдау, саздық сүйемелдеу, хореографиялық қойылымдармен таңқалдыруға бар өнерін салды. Барлығы 12 нөмір тыңдалды. Қатысуға жеке орындаушыларымен қатар корей хоры «Ен коди», казактар хоры және украин хоры тапсырыс беріп, өнер көрсетті. Біреуі Отан туралы ән айтса, енді біреуі ұлы достық туралы, махаббат туралы жырлады. Міндетті шарт бойынша өз ана тілінде орындау болды.
Қорытындысында көпке созылған кеңестен кейін қазылар алқасы үшінші орынды қырғыз қауымы өкілі Гүлшат Салықоваға берді. Оған шешен мен қазақ халқының ұлы тұлғасында Зелимхан Надаев   саксафонда өте тамаша сүйемелдеді. Екінші орынды өткен жылы Ресейде – Марий республикасында өткізілген орыс мәдениеті фестивалінде Гран-приді жеңіп алған, Қазақстаннан бір өзі ғана қатысқан белорус ЭМБ талантты өкілі Светлана Ивановна Обухова иеленді.
Бірінші орын бас сыйақысы ретінде 40 мың теңге орыс қауымының белсендісі, әртүрлі вокальдық байқаулардың жеңімпазы Ольга Квиткаға сөзсіз берілді. 2004 жылы Ольгаға «Играй гармонь!» атты белгілі бағдарламасының түсіріліміне де қатысу бақыты бұйырды. Ол тамыз айында Астанада өтетін республикалық  байқауда облыс намысын қорғайтын болады. 


Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі