Chania
130
05.10.2022
Экологиялық бастама

Қаламыздың таза да, әсем болуына үлес қосу мақсатында Қостанай облысы «Қоғамдық келісім» КММ-ның ұйымдастыруымен «Таза бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Онда өңіріміздің Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері, Ассамблея Жастары мен №1 мектеп-лицейінің оқушылары атсалысты.

Акция барысында, Тобыл өзенінің жағалаулары қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар КСК шағын ауданындағы бейіттің басы да тазартылды. Онда көптен жатқан қоқыстар толығымен жиналып сыртқа шығарылды. Міне, Ассамлея жастарының қолға алған игі бастамасы осылайша өзінің оң бағасын алды.

Бұл акцияда 60-тан астам адам белсенділік танытты.

Өзіміз ғұмыр кешіп жатқан ортаны әрдайым таза ұстайық! Қостанай өңірінің гүлденіп, күннен-күнге жарқырай түсуі біздің әрқайсымызға байланысты. Бірлігіміз жарасып, таза ортада ғұмыр кешейік достар!