Chania
134
29.09.2022
Бабалар ізімен…

Облыстық Қазахстан халқы Ассамблеясы «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» деп аталған тарихи-өлкетану саяхатын ұйымдастырған болатын. Мұнда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің тарих мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

Саяхат барысында бір топ студенттер Ыбырай Алтынсарин, Жазы би, Шоқай би бабаларымыздың кесенелеріне барып, тағзым етіп, олырдың өмір баянымен жан-жақты танысты. Өздеріне тың мәліметтер алып, жандүниелері рухани байып қалды.