Chania
131
23.09.2022
Қалам ұшындағы ынтымақтық…

Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық тақырыпты баяндап жүрген үздік журналистерді атап өтті.

Достық үйінің қабырғасында журналистер мен баспасөз-хатшыларының «Бірлік қауырсыны» байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі болып өтті.

Байқауға қатысу үшін Қостанай, Рудный қалаларынан, сондай-ақ, Қарасу және Б. Майлин аудандарынан 10 журналист пен баспасөз-хатшысы өтінім берген болатын.

Жұмыстар үш номинация бойынша қабылданды: «Бір отбасы – бір мамандық» - түрлі этностардың бір салада жұмыс істейтін отбасылық әулеттері туралы; «Сирек кездесетін жан» - мамандықтағы сирек кездесетін этностар өкілдері туралы; «Бір шаңырақ астында» - Ассамблея және оның құрылымдарының қызметтік бағыттарын айқындайтын материалдар.

Қазылар алқасы отырысының қорытындысы бойынша «Бір отбасы – бір мамандық» номинациясы бойынша «Қарасу өңірі» Қарасу аудандық газетінің журналисті Марина Шарипова, «Бір шаңырақ астында» номинациясы бойынша «Қостанай - АГРО» газетінің журналисті Екатерина Турбилова үздік атанып, «Сирек кездесетін жан» номинациясы бойынша «Тобыл» ФК баспасөз хатшысы Қасқырбай Қойшыманов жеңіске жетті.

Жеңімпаздарға сыйлық смартфондары табысталып, өзге қатысушыларға облыстық ҚХА атынан естелік мүсіншелер мен алғыс хаттар берілді.