Chania
903
22.04.2016
Достық – алма көшеттері

«Эребуни» армян қауымдастығының өкілдері, облыстық Ассамблея хатшылығының  және «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері №2 Қостанай түзету мектеп-интернатының балалары және мұғалімдерімен бірге аталған оқу орнының ауласында  18 түрлі алма көшеттері сұрыптарын отырғызып жақсы іс тыңдырды. 
Бұл игі іске мектеп-интернатының тәрбиеленушілері белсенді түрде қатысқаны қуантады: қара топырақ тасып, жас желектерге су құйып, ағаш тамырын бекітті. Әр ағаш балалардың атымен белгіленді және олар балалардың күтімінде болады. 
Өз сөзінде облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова, - бұл жас алма ағаштары облыс орталығының барлық этномәдени бірлестіктерінің достығы мен татулығын білдіреді, сендер жақсы оқып, үлкен өмірге жолдама алып, біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының  бейбітшілігі мен татулығын сақтап, арттыруға үлес қосатын боласыңдар деп,- айтып өтті.
Іс-шара «Эребуни» армян қауымдастығы жетекшісі Тигран Ашотович Бадалян мен Сергей Ваганович Григорянның басшылығымен және қолдауымен ұйымдастырылды. Олар сенбілікке қатысушылардың игі ісіне алғысын білдірді.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі