Chania
122
10.09.2022
Қостанайда «Тіл контент» тіл үйрету лагері болып өтті

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының тіл үйретуге бағытталған іс-шарасы бес аудан мен үш қаладан келген мемлекеттік тілді меңгерген онға жуық жастардың басын қосты.

Екі күн бойы олар қазақ тілін тереңдетіп үйренуге бағытталған шеберлік сыныптары, тренингтер мен квесттерден өтті. Спикерлер жасөспірімдерді тілдің қыр-сырын түсінуге, түрлі этностардың мәдениеттерімен танысып, мобилография саласының мүмкіндіктерін көрсетті.

Лагерь жұмысы аяқталғаннан кейін, балалар естелік сыйлықтар алып қана қоймай, жаңа білімге ие болды. Олар үйренгенін достарымен бөлісуге даярланып, қуана-қуана үйлеріне аттанды.