Chania
782
31.03.2016
Жоспар талқыланды

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйінде ОҚХА ғылыми сарапшылық тобының кезекті отырысы болып өтті. Онда ҒСТ жұмыс жоспарының орындалуы және өңірдегі этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері туралы талқыланды.
Баяндама жасаған ҒСТ төрағасы, Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалы заң кафедрасының профессоры, ғылыми-зерттеу жұмысы секторының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Бауыржан Бекмағамбетов – «Ғылыми-сарапшылық тобының құрамы былтырғы Қазақстан халқы Ассамблеясы мерейтой жылына ойдағыдай үлес қосты, сонымен қатар біздің алдымызда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қоғамдық келісім және этносаралық қатынастарды күшейту мәселелері жөнінде ғылыми жұмыстарды жарыққа шығаруға, Ы.Алтынсаринның 175 жылдығына, өңірдің құрылуының 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, дәрістерді және басқа да іс-шараларды өткізуге және жергілікті Қоғамдық келісім активіне әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге белсенді қатысуымыз қажет.» - деп атап өтті. 
Отырыста ортаға салынған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.


«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі