Chania
120
05.09.2022
Күшіміз бірлікте…

Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Әулиекөл ауданының өрттен зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек жинауды ұйымдастырды.

Екі күн ішінде этномәдени бірлестіктер мен жанашыр қостанайлықтардың күшімен азық-түлік, киім-кешек және төсек-орын салынған үш газель автокөлігі толтырылып, эвакуациялық пункттерге жіберілді.

Облыстық Аналар кеңесі ақшалай қаражат жинау үшін арнайы шот ашты. Ақшалай қаражатты жинауға және орналастыруға жауапты Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Айтжан Кишкинтаева екі күн ішінде барлық облыстардағы жанашыр қазақстандықтардың атынан зардап шеккендерге көмек ретінде 3 237 000 теңге аударылғанын хабарлайды.

Бұл шот құтқару жұмыстары аяқталғанға дейін әрекет етеді. 8-747-482-64-49 (КАСПИЙГЕ байланған) нөмірі бойынша ақша аударуға болады.

Сондай-ақ Достық үйінде (Алтынсарин көшесі, 115) гуманитарлық көмек жинау акциясы жалғасуда. Бізге мектеп кеңсе-тауарлары, тамақ, тұрмыстық химия қажет.

Қазіргі уақытта еріктілер мен Достық үйінің қызметкерлері Әулиекөл кентіне барып, сол жерде өрттен зардап шеккендерге әкелінген заттарды сұрыптап, тасуға көмектесіп жатыр.