Chania
756
25.03.2016
Елбасы ҚХА-ның XXIV сессиясын шақыру туралы өкім шығарды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясын шақыру туралы өкім шығарды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. «Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясын шақыру туралы» өкім
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясы 2016 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 25 наурыз № 68

24.kz