Chania
168
18.07.2022
Аудандардағы Аналар кеңесі

2022 жылғы 18 шілдеде Қостанай облысы Аналар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ отбасылық қарым-қатынас желісі бойынша тәжірибелі психологтар мен тренерлер Қарабалық кентіне барып, отбасы институтын қолдауға және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған семинар өткізді. Бұл іс-шара Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәдениетті ана - мәдени ұлт» жобасының жол картасын жүзеге асыру бағдарламасы аясында болып өтті.

Спикерлер ерлі-зайыптылар және бала-ата-ана қарым-қатынасы мәселелері бойынша жеке психологиялық консультациялар жүргізіп, сондай-ақ «Балаларға зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсетудің алдын алу»және «Ата-аналардың жасөспірімдермен өзара қарым-қатынасы» тақырыптарында баяндамалар жасады.