Chania
172
30.05.2022
"Болашақ үшін естелік» халықаралық жобасы

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Болашақ үшін естелік» халықаралық жобасы Арқалық қаласында өз жұмысын жалғастыруда.

Кеше «Саяси қуғын-сүргін: тарих сабақтары және қазіргі заман» халықаралық форумының қатысушылары Кейкі батырдың кесенесіне барып, Арқалық қаласының «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер орталығы жүзеге асырып жатқан «Ауылым-алтын бесігім» жобасымен танысып, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарымен кездесті.

Форумның екінші күні Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Содан кейін қатысушылар Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында  Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғали және Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры Әлия Мұстафинаның қатысуымен өткен пленарлық отырысында бас қосты. Сөз сөйлеу кезінде Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы, қоғам қайраткері Ибрагим Атығаев ең қызықты ақпарат ұсынып, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ рухани-мәдени даму институтының директоры Сұлтан Хан Жүсіп бұрын еш жерде жарияланбаған мәліметтерді жария етті.

Форумға қатысушылардың алдында Нұр-сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды және басқа да қалалардан келген спикерлермен қатар, Қостанай облысы ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Серікжан Исмаилов сөз сөйлейді.

Форум аясында ҚР Президенті Архивінің көрмесі және Қостанай мемлекеттік архивінің көрмесі жұмыс істеуде.