Chania
113
26.05.2022
Мереке қарсаңындағы қызықтар

Балаларды қорғау күніне орай облыстық Аналар кеңесі  көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге «Лагуна» аквапаркінде мерекелік жүзу жарысын ұйымдастырды.

Бес түрлі мектепте оқитын 5-6 сынып оқушыларының қатарынан 20 бүлдіршін бассейнде көңілді уақыт өткізді. Облыстық Аналар кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы «Лагуна» аквапаркінің басшылығына ықыластығы үшін алғыс білдіреді.