Chania
161
13.05.2022
Бастысы отбасы құндылықтарын сақтау...

Бастысы отбасы құндылықтарын сақтау...

Ағымдағы жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында "Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт"жобасын іске асыруда. Аталған іс-шара аясында республика өңірлерінде көптеген жобалар, байқаулар, кездесулер жоспарланған.

Осы жобаны іске асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ аналар кеңесі 13 мамырда Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушыларымен "Менің Отаным – менің отбасым"тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Балаларға Майя Бекбаеваның Қазақстанның солтүстік бөлігі, атап айтқанда Қостанай облысы туралы "Бейбітшілік пен келісім жолымен" деректі фильмі көрсетілді. Көрсетілімнің басты кейіпкері "Мерейлі отбасы-2015" облыстық байқауының жеңімпаздары, сондай-ақ облыстық Аналар кеңесінің белсенді мүшесі, облысқа танымал көпбалалы Төлегеновтар отбасы болды.

Фильмді көрген жастар белсенді түрде сұрақтар қоя бастады. Кездесу өте жылы атмосферада өтті. Іс - шараның басты мақсаты-отбасылық құндылықтарды сақтау, қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды кеңейту, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ана рөлінің маңыздылығын арттыру.