Chania
1057
29.02.2016
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЙЫЗЫ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА

Көкшетау қаласынан келген «Мәңгілік Ел» пойызын темір жол вокзалында тек Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ғана емес, сондай-ақ облыстың басшылары, студенттері, оқушылары және «Атамекен» патриоттық әуенін орындаған муниципалдық оркестр қарсы алды.

- Біз «Мәңгілік Ел» республикалық акциясының өкілдерін қонақшыл Қостанай жерінде қарсы алуға қуаныштымыз. Ағымдағы жыл мерейтойлық іс-шараларға толы, бірақ басты мереке әрине Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы. Осы акция Қазақстан халқын, барлық этностардың бірігуін әрі қарай нығайтуға көмектеседі, басты құндылығымыз тұрақтылық, бейбітшілік және келісім болып табылады, -деп  атап өтті  Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақұпов.  

Қостанай қаласының құрметті тұрғыны, ҰОС ардагері Михайл Иванович: «Қостанай жері – Қазақстанның астық қоймасы, көп этникалық қоғам өңірі. Көп жылдар бойы арттырылып, құрылған барлық құндылықтар жас ұрпақтармен әрі қарай еселенсе,- деймін. Біз ардагерлер Ұлы Жеңісті біздің балаларымызға, немерелерімізге, шөберелерімізге сыйладық. Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтардың қазынасы! Мен Қазақстанда тұрып жатқаныма мақтан етемін,- деді ардагер.

Поезд штабының басшысы Әміржан Әлпеисов Қостанайды Қазақстандағы ерекше өңір  деп атап өтті. Екі апта бұрын шығып біз Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар және Ақмола облысында болдық, барша азаматтарымыздың Президенттің«Мәңгілік Ел» идеясын қолдайтынына көзімізді жеткіздік.Әр қазақстандық ертенгі күн бүгінгіден жақсы болады деген сенімде. Пойыз құрамында 100 адам бар, олардың басым бөлігі – еліміздің үздік медицина мекемелерінің жетекші мамандары, олар жергілікті тұрғындарға кеңес беріп, сауалдарына жауап береді. Осы екі апта ішінде дәрігерлер тоғыз мыңға жуық адамды қабылдады. 10 мыңға жуығы білім, әділет, қаржы министрлігінің өкілдік топтарынан қоғамдық қабылдау бөлмесінде кеңес алды.

Қостанайда пойыз өкілдері тұрғындармен, ЖОО студенттерімен, ғылыми және шығармашылық зиялы қауыммен, оқытушылармен, түрлі байқаулардың жеңімпаздарымен семинар-тренингтер, лекция, дөңгелек үстелдер өткізіп, нәтижелі жұмыс атқарды.

Осы кездесу І.Омаров атындағы қазақ драма театрында салтанатты концертпен аяқталды.

Осы жерден пойыз 100 шақырым қашықтықта орналасқан Тобол станциясына аттанды. 

http://assembly.kz/kk/news/mngilik-el-poyyzy-kostanay-kalasynda