Chania
189
19.04.2022
«Медиация», «Этномедиация», «Кибербуллинг» - бүгінгі күннің өзекті тақырыптары десек те болады

«Медиация», «Этномедиация», «Кибербуллинг» - бүгінгі күннің өзекті тақырыптары десек те болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының  негізгі бағыттары  этномедиация және этносаралық қатынастар саласында  кәсіби  келіссөз  жүргізу, белгілі бір мәмлеге  келу болып табылады.  Осындай мақсатта бүгін    Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму  басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ медиация  тақырыбында өз кездесулерін жалғастырды. Кездесу Қостанай қаласының №7 мектебінің 8 сыныптары арасында  ұйымдастырылып, өткізілді.

Кездесу барысында Латыпова Гульнара  Талғатқызы оқушыларға медиация, этномедиация тақырыбында мағлұмат беріп, аталған тақырып аясында оқушылармен бірлесе отырып кейстерді талқылады. Кездесу барысында белсенділік танытқан оқушылар сертификаттарға ие болды.