Chania
161
15.04.2022
«Жанұяға» арналған Достық Аллеясы 

"Жанұяға" арналған Достық Аллеясы 

ҚХА жастар қанатының белсенділері "Жанұя" отбасылық типтегі ауыл тәрбиеленушілеріне арнап 15 қайың ағашын отырғызды. Бұл қайырымдылық акциясын балалар көшелерді санитарлық тазарту және әрлеу бойынша облыстық екі айлық бағдарламасы және Қазақстан халқы бірлігі күні аясында өткізген болатын. Татар-башқұрт, украин және башқұрт ЭМҚ, сонымен қатар "Ассамблея жастары" жастар қозғалысының өкілдері тәрбиеленуші балалармен бірлесе ағаш тамырларын отырғызуға арналған шұңқырларды қазып, құнарлы жермен толтырды, су әкеліп, жас қайыңдарды ұқыпты отырғызды. Бұл Достық Аллеясы екендігі туралы еске салатын Қазақстан халқы Ассамблеясы логотипі бар әдемі тақта орнатылды.