Chania
145
09.04.2022
Мамандық таңдаудың бастаулары

Мамандық таңдаудың бастаулары


Қостанай студенттерін қазіргі таңда ең сұраныстағы мамандықтарға үйретті.


 «ЖАС StartUp» әлеуметтік жобасын Қостанай облысының корей қауымдастығы іске асыра бастады.


Екі ай бойы 15 қатысушы жеті бағыт бойынша өз білімдерін қайрады: фототүсірілім, фудфлористика, кондитерлік іс, лэш-мэйкер, нейл-мастер, қас маманы, СММ-менеджмент. Әр тәлімгер кәсіптің негіздерін үйретіп қана қоймай, рухани жағынан қолдау көрсетті.


Сабақтардан тыс, жас қатысушылар жоба психологының көмегіне ие болды. Бүгін Достық Үйінде  «ЖАС StartUp» жобасының қорытындысы шығарылды.


Балалар өз жұмыстарының нәтижелерін: фотосуреттер, дайын “тәтті” гүл шоқтарын көрсетіп, тіпті торттардан көрермендерге дәм татқызды. Тұсаукесерден кейін ұйымдастырушылар тәлімгерлерге шағын сыйлықтарымен алғыстарын білдіріп, жоба қатысушыларына естелік кәдесыйларды табыстады. Қауымдастық төрайымы Ульяна Ким жобаның жақсы өткендігін, балалардың керемет нәтиже көсеткендерін айта кетіп, жобаның жаңа кезеңі осы күзде басталатынын хабарлады.

https://www.youtube.com/watch?v=sHfvAorDJJ0