Chania
165
07.04.2022
Туған күніңіз құтты болсын!

Достар,

бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Nadzieja» поляк ЭМҚ төрағасы - Виктор Леонидович Радомский өз туған күнін атап өтуде!


Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйі атынан зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейміз!


Шаңырағыңыздан бақ-береке, байлық кетпесін, жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыз жаныңызда болып, әрқашан Сізді қолдап жүрсін.

Поляк мәдениетін жаңғырту жолында ерен еңбек атқарып, этномәдени бірлестіктер арасында жоғары мәртебе мен зор құрметке ие болдыңыз.


Өмірге құштарлығыңыз бен ынтымақтастығыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз!


Туған күніңізбен!