Chania
152
06.04.2022
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ "КӨҢІЛДІ СӘРСЕНБІ"

Облыстық Аналар кеңесі көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Алдағы Бірлік күнін атап өту қарсаңында  Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы құрастырған жоспарға сәйкес, тақырыптық апталарға бөлінген сәуір айы бойы облыстық ҚХА белсенділері түрлі іс-шаралар өткізеді.

"Сыбаға" мерекелік аптасының аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері балалар үшін  "Көңілді сәрсенбі" күнін өткізуді шешті. Көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға "Туто-Круто" ойын-сауық орталығында екі сағаттық ойын бағдарламасын сыйлады.