Chania
164
15.03.2022
Бәйге, қыз қуу және түйме алу

Кеше «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының белсенділері Кәмілетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығының тәрбиенушілерін ұлттық ойындармен таныстырды.
Бұл мерекелік іс шара, Қоғамдық даму басқармасы құрастырған жоспарға сәйкес, Наурыз мейрамының алғашқы күні - Көрісу күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Балаларға «бәйге», «қыз қуу» және «түйме алу» ұлттық ойындарын көрсетіп қана қоймай,  Наурыз мейрамын атап өтетін өзге этностардың ойындарын да үйретті.
Балаларға дәм татқызу үшін «Асаба» қырғыз этномәдени орталығының атынан тәттілер мен бауырсақтар әкелінді.