Chania
237
11.03.2022
Келіскен кем болмайды

№1 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушыларына мектеп ішіндегі келеңсіздіктерді  сол арада шешу жолдары туралы айтылды. Семинар-тренингті ҚХА Медиация кеңесінің мүшесі, «Дуслык» татар-башқұрт қауымдастығының белсендісі Гульнар Латыпова өткізді.

Ол балаларды медиация негіздерімен таныстырып, практикалық бөлім кезінде өмірден алынған жағдайларды шешуге беріп, балалар өз беттерімен сол жағдайлардан шығу жолдарын іздеуге тырысты. Әрбір жағдай талас-тартысты реттеуге арналған түрлі тәсілдерді қолдана отырып, оларды талқылау арқылы қарастырылды.

 — Мектеп өміріндегі әрбір күн қақтығыссыз өтпейтіні ешкімге де құпия емес — мұнда өте көп балалар мен ересектер өзара қарым-қатынасқа түседі, — деп ескертеді №1 мектеп-лицейдің тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Руслан Мурзагалиев. — Қақтығыстар әр түрлі болады: бірнеше минут қана созылған қарапайым ұрыс-керістерден бірнеше ай бойы созылатын қиын проблема — буллингке ұласуы ықтимал. Кейде дау-дамайды шешу үшін үшінші жақтың көмегі қажет. Сондай сәтте мектеп медиациясына араласуға тура келеді. Бұл бағытта облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының Медиация кеңесі үлкен жұмыс атқарады, сол үшін барлық мұғалімдер және ата-аналар қоғамының атынан оларға үлкен алғыс білдіреміз.

Семинар-тренинг нәтижесінде ең белсенді қатысушылар қақтығыстарды шешуге арналған маңызды білім мен дағдыларды үйреніп қана қоймай, мектеп медиациясы курсын өткендері туралы сертификаттар иеленді.

Дереккөз: https://kostanaytany.kz/archives/107908