Chania
218
07.03.2022
Радиотелефонист ханымнан прокурор көмекшісіне дейін, кіші лейтенант арудан полковник ханымға дейін…

Радиотелефонист ханымнан прокурор көмекшісіне дейін, кіші лейтенант арудан полковник ханымға дейін…

Облыстық ҚХА бүгін қарулы күштер қатарында қызмет атқаратын нәзік жандыларды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Бүкіл облыстан жиналған түрлі этносты 30 арудың басын қосқан концерт әсем ән мен көркем биге көмкеріліп, тәтті шаймен, жайлы да нәзік кеш аясында өткізілді.
Қонаққа келген әрбір ару мерекелік іс-шарадан ләззат алып қана қоймай, естелік сыйлыққа ие болды.