Chania
818
23.02.2016
Сайлауда өз дауысыңлы бер!

Қостанай облысының Достық Үйінде «Нұр Отан» партиясын қолдаған ОҚХА этномәдени бірлестіктердің жиналысы болып өтті.
Жиналыс еліміздегі маңызды оқиғаларының бірі Алғыс айту күні қарсаңында өткізілді. – Мемлекет Басшысымен  жарияланған мереке – бұл күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Өңірде, оның ішінде Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-де  Алғыс айту күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көптеген іс-шара өтетін болады, -деп атап айтты облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы Болат Ибраев.
Сонымен қатар наурыздың ортасы ҚР Парламенті Мәжілісіне, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттрға кезектен тыс сайлаумен ерекшеленеді. 
Өз сөзінде «Шарқ» тәжік-өзбек қоғамының төрағасы Эргашвой Холметов «Нұр Отан» партиясы қатарында 10 жылдан астам екендігін атап өтті. – Бүгінгі күні Қазақстанның саяси алаңында алты партия жұмыс атқарады және әрқайсысы қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, дәулетін көтеруге, басты құндылықтар болып саналатын еліміздегі бейбітшілік пен келісімді дамыту үшін өз үлесін қосуда. Барлығымыз 20 наурызда сайлауға барып кандидаттардың біріне дауыстарыңызды беруге шақырамын. Азаматтық белсенділігімізді танытайық ағайын! Бәріміз де еліміздің бір үлкен, тату отбасы болған Қазақстанның көп үлтты, көп тілді халқы мемлекеттер арасында беделін арттырып, күшті болуын қалайды!


Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі