Chania
209
24.02.2022
21 ақпан - Туған тіл күні

Тілдер біздің материалдық және рухани мұрамызды дамыту мен сақтау жолындағы ең күшті құралымыз болып табылады. БҰҰ деректері бойынша, әлемде 7 мыңға жуық тілдер бар, оның 2,5 мыңнан астамы жоғалып кету қаупінде.

Әрбір екі жеті сайын бір тілден айырылып жатырмыз. Ол өз артынан үлкен мәдени және интеллектуалды мұраны алып кетуде.
Ал облыстық Достық Үйінде Қазақстанда тұратын этностардың туған тілдері сақталып қалуы үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр.

Ол үшін, тұрақты негізде, мұнда:
- армян;
- белорус;
- поляк тілін;
- татар;
- башқұрт;
- түрік;
- украин;
- неміс;
- корей;
- иврит тілдерін
үйрететін 10 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ұстаз Дмитрий Ромащенконың «Мәміле: жағдаяттық қазақ тілі» атты мемлекеттік тіл үйрететін курсы өткізіліп жатыр.

Егер де сіз аталған тілдердің кез-келгенін үйренгіңіз келсе, есігіміз ашық!
Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 50-10-30