Chania
1120
18.02.2016
Уақыт көшін байланыстырушы желі...

Осындай тақырыппен Қостанай облыстық Достық Үйінде  бірнеше ұрпақ кездескен сұхбат алаңы өтті.
Іс-шараға Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Ауғанстан соғысы, тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік ұрыстарға қатысушылары, Қостанайдағы 6697 әскери бөлім әскери қызметшілері, жергілікті әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, колледж, жоо студентері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.
- Бұкіл әлемде ақпараттық технологиялар және индустрияландыру дамыған заманда жас  буынды патриоттық, іске жауапкершілікпен қарау, ел тарихына, Қазақстанның қазіргісі мен келешегіне ортақтастық сезімін қалыптастыру мәселесі өзекті болып тұр, - дті «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» қоғамдық қоры төрайымы Динара Өтебаева. – Сондықтан да біз жеткіншек ұрпақты аталарымыз бен әкелеріміздің тәлімін үлгі қылып тәрбиелеуіміз керек, олардың Отан қорғаушы борышын атқарып, мемлекеттік шекараны қорғаудағы бейбіт өмір үшін жасаған жанкешті ерліктері туралы  оларға жиі-жиі айтып отыруымыз қажет.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкин Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлікке толы өміржолын айта отырып, бүгінгі күні ардагерлер кеңесі соғыс ерлерін мәңгілік есте қалдыру мақсатымен белсенді, ауқымды шаралар атқарып жатқандығын баяндады. «Боздақтар», «Жауынгерлік даңқ кітабы» атты көп томды кітап шығарылды, «Жеңіс паркі есте сақтайды», «Қостанайлықтар – Кеңес Одағының батырлары» кітаптары жуық арада жарыққа шығады, - деді.
- Ұлы Отан соғысында миллиондаған адамның өмірі қиылды, бірақ солдаттар мен офицерледің жанкешті ерлікке толы жауынгерлік еңбегінің арқасында Жеңіске жеттік! Сіздер, жастар, жалғастырушы ұрпақ ретінде соғыс ерлерін әрқашанда есте сақтауларың керек, жақсы оқуларың және нәтижелі еңбектеріңмен Қазақстан Республикасының гүлденуіне өз үлестеріңді қосуларың қажет, - деп атап өтті ҰОС ардагері Михаил Подоляков.
Кедесуде Ауғанстан соғысы, тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік ұрыстарға қатысушылары, қалалық әскери-патриоттық клубтарының басшылары сөз алды. Клубқа қатысушылар қоян-қолтық ұрыс, самбоның әдіс тәсілдерін және қылышты шебер пайдалана білетіндігін көрсетті. Ал әскери бөлім қызметшілері қатысушыларға  «Журавли», «Ордена», «Афганистан» атты әндерін шырқап беріп, бірнеше сазды нөмірлерін сыйға тартты.
Іс-шара кештің басты желісі болып «Егерде ата-бабаларымызды жүрегімізде есте сақтасақ, уақыт көшін байланыстырушы желі үзілмей, мықты болады»... деген өлең жолдарымен қорытындыланды.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі